Павлодарда жүзден астам жасөспірім жекпе-жекте күш сынасты
Nomad MMM палуандық жекпе-жектен облыстың ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы чемпионат «Баянтау» спорт кешенінде өтті. Чемпионатқа облыстың аудан, қалаларынан 120-ға жуық жас спортшы қатысты.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, оның ішінде Павлодар қаласындағы «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының 8 тәрбиеленушісі де сынға түскен.
Чемпионат қорытындысы бойынша жігерліктер 3 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды.
14-15 жас аралығында Арман Мақсатұлы мен Аңсар Мағзұм алтын медаль иегерлері атанды. Ал, Данияр Құттыбаев пен Мүсірәлі Темір күміс жүлдегерлер атанды.
16-17 жас санатында Әлібек Нұрғазинов жеңімпаз атанды.
- Ұлдар жақсы нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта біз жекпе-жектен Қазақстан чемпионатына қатысуға дайындалып жатырмыз, - деді жеңімпаз жаттықтырушы Ертай Жаменкенов.
Жүлдегер атанған бұл спортшылардың барлығы бес жылдан астам бокспен айналысады, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.
Фото: «Жігер» БЖК