Бублик Роттердамда ширек финалға шықты

Бублик Роттердамда ширек финалға шықты
Фото: Kazinform

Қазақстанның бірінші Александр Бублик Роттердам ATP 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Inform.kz.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 82-орында тұрған германиялық Ян-Леннард Штруфқа тап келді.

Бірінші партияда тай-брейкте Бублик қарқынды ойнады — 7:6 (7:2).

Екіншісінде Штруфф есе қайырды — 6:4.

Үшінші, шешуші сет А.Бубликтің пайдасына шешілді — 6:3.

Екі сағат 6 минутқа созылған бәсекеде Бублик 13 эйс орындап, 11 брейк-пойнттың тек екеуін еншісіне жазды. Штруфф 9 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Осылайша, А.Бублик спорттық жолында Роттердамда алғаш рет ширек финалға өтті. Бұған дейін ол алғашқы айналымнан аса алмай жүрген еді. Енді жартылай финалға шығу үшін әлемнің 37-ракеткасы, испаниялық Хауме Мунармен таласады.