Май ауданында мемлекеттік қызметшілер футболдан топ жарды

Май ауданында мемлекеттік қызметшілер футболдан топ жарды
Фото: Спорт басқармасы

Бұл жарысқа мемлекеттік қызметкерлер де қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жарысқа ауылдық округтер мен аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер және полиция қызметкерлері қатысты. Жалпы алты команда чемпиондық атаққа таласты. 

–  Облыстық спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығының Май ауданына қарасты спорт инструкторларымен командалардың дайындығына барлық жағдай жасалды, – дейді ұйымдастырушылар.

Байқау қорытындысы бойынша үшінші орынды Малайсары ауылының командасы, екінші орынды аудандық полиция бөлімі, бірінші орынды мемлекеттік қызметшілер иеленді. Бұдан бөлек, үздіктерге жекелей номинациялар табысталды: «Ең үздік қақпашы» –  Алмаз Аскербеков, «Ең үздік қорғаушы» –  Қанағат Ақылбек,  «Ең үздік шабуылшы» – Асқар Бүркітбаев,  «Ең үздік ойыншы» –  Жангелді Темірбаев.