Павлодарлық полицейлер велосипедін жоғалтқан балаға көметесті

Павлодарлық полицейлер велосипедін жоғалтқан балаға көметесті
Фото: Константин Шелков

Велосипед жарты сағат ішінде табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметнің мәліметінше, велосипедтің жоғалуы туралы қоңырау полиция қызметкерлеріне кешке түскен. Көп қабатты үйдің тұрғындары велосипедті үйдің ауласында қалдырып кетіп, бір сағаттан кейін таппай қалған. 

- Қоңырау түскеннен кейін біз бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттедік. Ер адамның велосипедті алып, Назарбаев даңғылындағы тұрғын үйге қарай кеткені анықталды. Жарты сағат ішінде полицияның аға лейтенанты Дамир Дүйсембаев пен полиция лейтенанты Алманат Шақан велосипедтің тұрған жерін анықтап, балаға қайтарды, - дейді департаментте.  

Айта кету керек, полиция қызметкерлері аймақ тұрғындарына мүлікке қатысты сақтық шараларын сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.