Павлодар қаласында осы сенбі жәрмеңке өтеді
Жәрмеңкеде ет, балық, сүт өнімдері, азық түлік және өзге тауарлар сатылымға шығарылмақ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі
Павлодар шаһарында ағымдағы жылдың 22 шілдесінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі, Торговая көшесі, 2А құрылысы мекенжайында (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы) өткізу жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Железин, Павлодар, Шарбақты аудандарынан және Павлодар өңірінің тауар өндірушілері қатысады.
Еске сала кетсек, күнделікті негізде фермерлер етті нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сатуы жалғасуда.
Айта кетер жайт, сенбі күндері дәл осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының («Народный») және Ақсу қаласының («Ауыл базары»), сондай-ақ облыстың 10 аудандарында ұйымдастырылады.
Фото:Константин Шелков