Успен ауданында жолда қалған үш адам құтқарылды
Олардың көліктері бұзылып қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Успен ауданында сағат 01.00 шамасында учаскелік полицейдің көмекшісі Артем Каспировичке ауыл тұрғыны қоңырау шалып, салонында үш адамы бар ВАЗ автокөлігінің бұзылғанын хабарлаған.
Салондағы жолаушылар тоңып қалғандықтан, ер адам тәртіп сақшысынан көмек сұраған. Ұзақ іздестіру шараларынан кейін Қаратай ауылынан 15 шақырым қашықтықта көлік табылып, жолаушылар Успен ауылына жеткізілді.
Павлодар облысының полиция департаменті ауа райына байланысты өңір тұрғындары мен қонақтарын аса қажетсіз алыс қашықтыққа бармауға шақырады.