Павлодарлық шаруалар өнімдерін елорда тұрғындарына ұсынды

Павлодарлық шаруалар өнімдерін елорда тұрғындарына ұсынды
Фото: Константин Шелков

Іс-шараға өңірдің үш қаласы және он ауданы қатысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жәрмеңкеге 80-нен астам ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары атсалысты. Аймақ шаруалары барлығы 60 тонна ет ұсынды. Оның ішінде басым бөлігі – сиыр мен жылқы еті. Ал қой еті көлемі жағынан жиырма тонна аз. 

Елордаға 430 тонна көкініс пен картоп жеткізілді. Ақтоғай, Железин, Павлодар аудандары және Ақсу қаласы алпыс тонна картоп ұсынды. Он тоннадан астам сәбіз және қырыққабат өнімдерін Ақтоғай, Павлодар және Ақсу қаласы жеткізді.

Астанадағы жәрмеңкеге шаһардан он тонна сүт өнімдері апарылды. Оның төрт тоннасы – ірімшік, бір тоннасы – қымыз сусыны. Оған қоса аймақтан 1500 тонна ет консервісі ұсынылды. 

Жәрмеңкеде ұсынылатын өнімдердің негізгі жеткізушілері арасында «Ақтоғай Агро» ЖШС, «КронАгро» ШҚ, «АгроЛогистик» ЖШС, «АгроТрейд» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Best MILK» ЖШС, «ЭКО ДОМ» ЖШС,  «Лисниченко» ЖК, «Ақжар Өндіріс» АФ ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Розовская Пасека» ЖШС, «Шарапов» ФҚ және тағы басқалары бар.

Айта кетейік, ұсынылған өнім бағалары қала базарларынан 15-20 пайызға төмен болады.

Сондай-ақ, елорда тұрғындары үшін арнайы концерттік бағдарлама әзірленді. Қала тұрғындары мен қонақтарына өңірлердің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін паш етті