Екібастұзда тариф құны өзгереді

Екібастұзда тариф құны өзгереді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2025 жылғы 1 сәуірден бастап сараланған тарифтерге өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Екібастұз жылу желілері» ЖШС мәліметінше, ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің Павлодар облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитет департаментінің бұйрығына сәйкес, Екібастұз қаласы бойынша биыл 1 сәуір-31 қазан аралығында жылу энергиясымен қамтамасыз ету, бөлу және беру бойынша реттелетін қызметтер негізінде есептеу құрылғылары бар немесе жоғына байланысты тариф құны ҚҚС есептемегендегі мөлшері келесідей болмақ:

жылу энергиясының жалпы үйішілік есептегіш құралы бар халық тобына жататын жеке тұлғалар үшін – 3575,81 тенге/Гкал;

жылу энергиясының жалпы үйішілік есептегіш құралы жоқ халық тобына жататын жеке тұлғалар үшін – 4672,69 тенге/Гкал;

100-ден 200 шаршы метрге дейінгі жылытылатын аумағы бар халық тобына жататын жеке тұлғалар үшін – 5139,96 тенге/Гкал;

200 шаршы метрден астам жылытылатын аумағы бар халық тобына жататын жеке тұлғалар үшін – 14316,12 тенге/Гкал;

жылу энергиясының жалпыүйішілік тіркеу құрылғылары бар басқа да тұтынушылар – 13641,42 тенге/Гкал;

жылу энергиясының жалпыүйішілік тіркеу құрылғылары жоқ басқа да тұтынушылар – 18018,54 тенге/Гкал;

жылу энергиясының жалпыүйішілік тіркеу құрылғылары бар бюджеттік мекемелер – 109 315,12 тенге/Гкал;

жылу энергиясының жалпыүйішілік тіркеу құрылғылары жоқ бюджеттік мекемелер – 166542,42 тенге/Гкал.