Павлодардың үздік шеберлері өз жұмыстарын көрмеге әкелді (ВИДЕО)
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Астананың 25 жылдығына арналған «Астанаға арнау» халықтық-қолданбалы шығармашылық көрмесі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Облыстық кітапхана қызметкерлері жергілікті шеберлермен тығыз жұмыс жасайды және осындай әрбір көрме ерекше болады. Бұл жолы мереке қонақтары халық қолөнершілері –сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесімен танысты. Павлодардың үздік шеберлері өз шедеврлерін ұсынды. Қолөнершілер өз жұмыстарында дәстүрлі және заманауи технологияларды біріктіре білді. Барлық өнім үлкен сүйіспеншілікпен жасалған, – дейді көрмені ұйымдастырушылар.
Көпшілік назарына зергерлік бұйымдар, шаш аксессуарлары, сәндік шамдар мен сабындар, тастан жасалған бұйымдар, кесте, бисер және тоқыма, тұрмыстық заттар, дәстүрлі ұлттық техникадағы бұйымдар, ойыншықтар мен киізден жасалған бұйымдар, сондай-ақ гүлді және сәндік-жапырақты өсімдіктер және тағы басқалары ұсынылды.
Қала тұрғындары мен қонақтары өздеріне ұнайтын өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram