Экспонат сыйла: Павлодарлықтар музей қорын толтыруға үлес қоса алады

Экспонат сыйла: Павлодарлықтар музей қорын толтыруға үлес қоса алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Акция екі айға жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі қорын толықтыру мақсатында жыл сайынғы «Музейге экспонат сыйла» акциясын жариялайды. Тұрғындар 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейін музейге еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы баяндайтын экспонаттарды тапсыра алады. 

– Музей үшін ежелгі дәуірдегі жәдігерлер, елге еңбегі сіңген азаматтардың құжаттары мен суреттері, сондай-ақ тұрмыстық заттар, өнер және қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдер этнографиялық құнды заттар қабылданады, – деді музейде. 

Музей Астана көшесі, 129 мекенжайында орналасқан. Сағат 9:00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Байланыс телефоны: 8 (7182) 61-81-27.