Павлодарлық ұстаз Елдос Сметовқа арнау жазды

Павлодарлық ұстаз Елдос Сметовқа арнау жазды
Фото: olympic.kz

«Елдос чемпион» туындысы желіде тарады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде М.Әлімбаев мектебі басшысының орынбасары, «Жебе» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, ақын Оразбек Бақытхан Парижде өткен Олимпиадада дзюдодан алтын алған Елдос Сметовқа арнау жазды. 

Ұстаз өзінің арнауында спортшыға келесі жыр жолдарын арнады: 

Елдос ер қайратты қаһарман,

Әлемге чемпион  атанған.

Бойыңда рух бар дүлей күш,

Жақсылық атамнан бата алған.

Жақсылық атамның жалғасы,

Жеңісті жеңіске жалғашы. 

Ұлтымның намысы  байрақ боп,

Әлемнің көгінде шарлашы.

Елге дос Елдосым ержүрек, 

Көк туым көгімде желбіреп. 

Байрақты көтерді палуан,  

Көзде жас, ет жүрек елжіреп. 

Тек жеңіс халқыңа тарту ет, 

Елімнің ертеңін жарқын ет .

Құндақтап батыр ұл өсірген, 

Атаң мен анаңа рақмет. 

Еске сала кетейік, Елдос Сметов дүниежүзілік олимпиада ойындарында 66 келі салмақ дәрежесінде күресіп, алтын жүлде иегері атанған еді.