Павлодар базарларында картоп пен өріктен нитраттар табылды

Павлодар базарларында картоп пен өріктен нитраттар табылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көкөністер мен жемістер сырттан әкелінген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Санитарлық дәрігерлер өңірде өткен «Қауіпсіз өнімді таңда» акциясы барысында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін нитрат концентрациясына тексерді. Өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары 900-ден астам экспресс-зерттеу  жүргізді. 

Нитраттың қалдық мөлшерінің артуы 118 сынамада, оның ішінде картоп, қызанақ және пиязда анықталды, – деп хабарлады ведомствода. Сондай-ақ жемістер мен жидектер – нектарин, өрік, шабдалы, алмұрт, жүзім, алма, құлпынай, қауын, қарбыз құрамында да қауіпті зат анықталған. 

Санитарлық дәрігерлер ақпаратты облыс әкімдігі мен ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырды. Департамент рұқсат етілмеген сауда орындарында жарамдылық мерзімі өтіп кеткен кез келген азық-түлік өнімдерін сатып алудан аулақ болу керектігін және көкөністер мен жемістерді тұтынар алдында мұқият жуу керектігін еске салды.