Павлодарда сегіз жасар баланы көлік қағып кетті

Павлодарда сегіз жасар баланы көлік қағып кетті
crimea.ria.ru

Жол-көлік оқиғасы Назарбаев даңғылы мен Лермонтов көшелерінің қиылысында орын алды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін таңертең сағат 09.01-де болған. 

Зардап шеккен сегіз жасар бала түрлі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.