Павлодарлықтарға әлеуметтік желілердегі алаяқтық туралы ескертілді

Павлодарлықтарға әлеуметтік желілердегі алаяқтық туралы ескертілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полицейлер қала тұрғындарының үйлері мен пәтерлерін аралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірде «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтықтың қауіптілігі туралы айтып берді.

– Полицейлер азаматтарға онлайн-сатып алулар мен ақша аударымдарын жасау кезінде мұқият болу қажеттігін еске салды. Сондай-ақ, күдікті сілтемелерге өтпеуге және банк карталарының деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырды, – деді учаскелік инспектор Дамир Әлипов.

Инспектордың айтуынша, осындай кездесулер және тұрғындармен жеке танысу полицияға деген сенімді нығайтуға көмектеседі және түрлі құқық бұзушылықтардың, атап айтқанда интернет-алаяқтықтың дер кезінде жолын кесуге ықпал етеді.