Павлодарда салауатты ата-ана болу шеберлік сағаты ұйымдастырылады

Павлодарда салауатты ата-ана болу шеберлік сағаты ұйымдастырылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кездесу тегін өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

3 сәуірде сағат 17:30-да Жастар бастамаларын дамыту орталығында мектеп жасындағы балалардың даму ерекшеліктеріне арналған кездесу ұйымдастырылады.

– Балалардың дамуының негізгі аспектілерін талдайық: баланың негізгі қажеттіліктері, бауыр басудың бұзылған түрлері (мысалдар, рөлдік ойындар), физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері, эмоционалды дамуы. Аталмыш тақырыптардағы сұрақтарға маман жауап береді, – деді ұйымдастырушылар. 

Кездесу баласын жақсы түсінгісі келетін және отбасында үйлесімді қарым-қатынас орнатқысы келетін ата-аналарға пайдалы болады. +7 705 625 9587 нөмірі бойынша тіркелуге болады.