Дизель, су, тамақ жеткізді: Екібастұз полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеді

Дизель, су, тамақ жеткізді: Екібастұз полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеді
Фото: Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі

Жүргізушілер мен жолаушылар тәртіп сақшыларына алғыстарын жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  жолдардың жабылуы туралы ескертулерге қарамастан,   жолға шыққан жүргізушілердің саны азаймаған.  Салдарынан көліктері төмен ауа температурасына төтеп бере алмай, істен шыққан. 

– Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күшейтілген режимде Павлодар - Қызылорда автожолын инспекциялап,  отын, дизель отынын, су, тамақ жеткізді, оталмай қалған КамАЗ жүк көліктерін жылытуға көмектесті. Жолда қалған жүргізушілер мен олардың  жолаушыларына көмек көрсету – полиция қызметкерлерінің басты міндеті, – дейді департаментте. 

Полиция қызметкерлері  егер алыс сапарларды кейінге қалдыру мүмкін болмаса,  барлық жүргізушілерді мұқият дайындалуға шақырады. 

– Аязды ауа райында мұндай оқиғалар жүргізушілер үшін ауыр сынаққа айналуда.  Көлік құралының жағдайына көз жеткізіңіз, оны тек қысқы отынмен толтырыңыз. Өздеріңізбен бірге жылы заттарды, қажетті құралдарыңызды алыңыздар. Телефондарға арналған портативті қуаттандыру құрылғысын алып жүрген жөн, – дейді тәртіп сақшылары. 

Сондай-ақ  департаментте жолдарда абай болуға, полицейлер мен құтқарушылардың ескертулеріне құлақ асуға кеңес берді.