«Ертіс орманында» көшеттерді сақтау мақсатында табиғи тоңазытқыштар жасалуда

«Ертіс орманында» көшеттерді сақтау мақсатында табиғи тоңазытқыштар жасалуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көктемгі орманды қалпына келтіру жұмыстарына дайындықтың алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Табиғи резерваттың орманшылары орман көшеттерін сақтау үшін қолайлы жағдай жасау – орманды молайтудың маңызды шарттарының бірі екенін айтады. 

–  Қазіргі уақытта ауа райының қолайлылығы мен қар қорының жеткілікті болуына байланысты орманшылар көшеттерді сақтау үшін қарды үлкен үйінділерге үйіп жатыр. Бұл әдіс олардың мерзімінен бұрын өсуін тоқтатып, кеуіп қалмауына көмектеседі, – деді резерватта. 

2025 жылы резерват аумағында орманды қалпына келтіру жұмыстары 2114,5 гектар аумақта жоспарлануда: көктемде – 1614,5 гектар, күзде – 500,0 гектар. 

Көшеттерді сақтау мақсатында  90 қар үйіндісі (табиғи тоңазытқыштар) жасалмақ.