Павлодар облысында өзге елдің азаматы жазаланды

Павлодар облысында өзге елдің азаматы жазаланды
Фото: Константин Шелков

Ресейлік азамат Қазақстанда тұрып, шетел азаматтығын алмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Шарбақты аудандық полиция бөлімінің көші-қон полицейлері 45 жастағы ер адам Ресей Федерациясының азаматы бола отырып, қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алмағаны туралы фактіні анықтады.

– Шетелдік азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. Шешім қабылдау үшін материалдар сотқа жіберілді, – дейді Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ғомар Шәбиденов.

Жыл басынан бері Павлодар облысында қос азаматтығы бар 819 тұрғын анықталды. Оның 49 әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сегіз азамат Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол берілмейді, яғни шетелдік азамат бір мезгілде біздің еліміздің және басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды. Егер Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алса, онда ол осы сәттен бастап Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылады.