Екібастұздықтар қала әкіміне өздерін толғандыратын сұрақтарды тікелей қоя алады

Арнайы кездесуде ол барлық мәселелерді қабылдауға дайын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
20 тамызда сағат 11:00-ден13:00-ге дейін М. Жүсіп көшесі бойынша «Қазақстан» орталық алаңында Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің қатысуымен «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» өтеді.
Сондай-ақ, қабылдауда мемлекеттік органдардың, коммуналдық қызметтер мен басқа да қала ұйымдарының басшылары қатысады.
Барлық мәселелер бойынша 34-77-04 телефоны арқылы хабарласуға болады (азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау бөлімі).