Павлодарлықтар қараусыз жүрген жануарларға қандай көмек бере алады?

Қайырымдылық науқаны іске қосылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ломов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан Жастарды дамыту орталығында қараусыз қалған жануарлар мекендейтін баспаналарға көмек жинау акциясы өтеді.
– Орталықтың жертөлесінде арнайы қорап орнатылды. Оған әр тұрғын өз үлесін қоса алады. Аз ғана көмек – төрт аяқты достарымызды құтқаруға үлкен қадам! – деді ұйымдастырушылар.
Тұрғындар иттер мен мысықтарға арналған құрғақ және дымқыл азық, жайлы төсеніштер, көрпелер, сүлгілер, ойыншықтар, ыдыстар, қарғыбаулар, жіптер, дәретханаға арналған құм, жаялықтар және басқа да қажетті заттарды әкеле алады.