Павлодарлықтардан гранттар бағдарламасына тездетіп өтінім беруді сұрайды

Павлодарлықтардан гранттар бағдарламасына тездетіп өтінім беруді сұрайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өтінімдерді қабылдау 29 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 13.00-де аяқталады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары: құзыреттілік орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланғаны туралы хат келді. 

–  Гранттық бағдарлама аясында бірнеше қатысушылар арасында консорциум құру қажет. Консорциумның міндетті шарттары – өндірістік кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдардың қатысуы, он пайыздан қоса қаржыландыру қаражаты енгізіледі, –  дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.

Гранттар бағдарламасы бойынша толық ақпаратты «Атамекен» Павлодар ӨКП-нан алуға болады.

Гранттық бағдарламалардың мақсаты – жасанды интеллектті дамытуға және жаңа технологияларды әзірлеу жолымен өнеркәсіптің жүйелі салалық міндеттерін шешуге, зертханалық масштабта (модельдік фабрика) өндірістік процестерді модельдеуге және жетілдіруге, сондай-ақ саланы дамыту бойынша ұсынымдарды талдау мен әзірлеуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орталықтарын құру.