Павлодарда колонияда бизнес ашудың артықшылықтары аталды

Павлодарда колонияда бизнес ашудың артықшылықтары аталды
Фото: Константин Шелков

Өңірде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жеке істі дөңгелету ұсынылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мамандар түзеу мекемелерінің аумағында өндіріс ошақтарын ашудың артықшылықтары аталды. 

Бұл мәселеге арналған кеңес өңірлік кәсіпкерлер палатасында өтті.

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ішкі істер министрлігімен бірлесіп кәсіпкерлік қауымдастық арасында ҚАЖ мекемелері және кәсіпорындарымен ынтымақтастықтың тиімділігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс.

- Біз бизнес өкілдерін қылмыстық-атқару мекемелерімен өзара іс-қимылға тартып келеміз. Павлодар облысында түзеу мекемелерінде қазірдің өзінде бірқатар кәсіпорын жұмыс істейді: құрылыс материалдарын, темір-бетон бұйымдарын, жиһаз өндіру, ағаш өңдеу, тігін өндірісі», – деп еске салды Ерқанат Әбенов.

Мұндай мекемелерде кәсіп ашу арқылы бизнес әлеуметтік мәселені де шешуге, яғни, сотталғандарды жұмыспен қамтуға үлес қосады. Олар сот шешімімен жүктелген қарыздары мен айыппұлдарын өтеуге міндетті.

Қазіргі таңда бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан жұмыспен қамтылған адамдар саны республикалық орташа көрсеткіштен төмен.

Өңірде бұл жұмысқа 20 кәсіпкерлік субъектісі тартылған.

Колонияларда бизнес ашудың артықшылықтарының бірі – арзан жұмыс күші. Колонияларда жазасын өтеп жатқан және бизнес субъектілерінде жұмыс істейтін сотталғандар ең төменгі жалақы алады. Қазіргі уақытта – 85 000 теңге көлемінде.