Павлодарлықтарды классикалық туындыларды тыңдауға шақырады

Павлодарлықтарды классикалық туындыларды тыңдауға шақырады
Фото:pixabay.com

Симфониялық оркестр кезекті шығармашылық маусымын ашқалы отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның концерттік залында симфониялық оркестрдің классикалық әуендері концерті өтеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Рахимжанов.

– Концерттік бағдарламада П.И.Чайковскийдің «№5 Симфониясы» және Н.А.Римский-Корсаковтың «Шехеразада» симфониялық сюитасы орындалады, – деді филармонияда.

Концерт 15 қазан күні сағат 17:00-де басталады.