Шарбақты полицейлері аз қамтылған отбасыға көмек етті

Шарбақты полицейлері аз қамтылған отбасыға көмек етті

Тәртіп сақшылары төрт баласы бар отбасыға азық-түлік апарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Шарбақты ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері аудандық қамқоршылық бөлімімен бірлесіп, балалардың қамқорлығындағы қолайсыз отбасылар бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.  Рейд барысында төрт баласы бар аз қамтылған отбасы анықталды. Ата-анасы ішімдікке салынбайтын, үйін тазалықта ұстайды. Мойнында несиесі бар жалғыз әкесі ғана  жұмыс істейді, оның өзінде төмен жалақы алып тұрады.  Тәртіп сақшылары отбасыға азық-түлік сатып алып, балаларды тәтті сыйлықтармен қуантты. Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасына тағы не қажет екенін білу үшін әңгімелесу жүргізді.

– Халықпен тікелей диалог-жұмыстың сервистік моделі қағидаттарына негізделген полиция қызметіне қазіргі заманғы көзқарастың қажетті құрамдас бөлігі. Біз кез-келген уақытта қамқорлық жасауымыз керек және мұқтаж адамдарға мұқият болуымыз керек. Бұл кәсіби және  азаматтық борыш, – дейді Шарбақты аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрлан Абдулхамидов. 

Балалардың атынан анасы полиция басшылығы мен жеке құрамына шын жүректен алғысын білдіріп, қызметкерлерге зор денсаулық пен қызметте табыс тіледі.

Фото: Константин Шелков