Железин ауылының кәсіпкері «Лайықты азамат» атағы үшін бақ сынайды

Железин ауылының кәсіпкері «Лайықты азамат» атағы үшін бақ сынайды
Фото: Константин Шелков

Үздік үш қатысушыны ашық SMS-дауыс беру арқылы анықтайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кузьмино ауылынан қатысқан Айжан Каркенова «Лайықты азамат» байқауының финалына өтті. Белсенді кәсіпкер елді мекенде Қазақстандағы алғашқы ауылдық үлгідегі әйелдерге арналған дағдарыс орталығын ашқан. Осы әлеуметтік бастама арқылы бір кездері бос қалған ауылға жаңа тыныс беріліп, қиын жағдайға тап болған аналар мен балаларына жаңа өмір бастауға мүмкіндік жасалды.

Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, «Лайықты азамат» жобасы – күн сайын балаларды оқытып, қаланы көгалдандырып, спортты дамытып, емдеп, өмірді құтқарып жүрген қарапайым, бірақ ерекше жандарды елге танытуды мақсат етеді. Халықтық дауыс беру арқылы үш үздік азамат таңдалып, оларға жаңа пәтерлер табысталады.

20 шілде мен 5 тамыз аралығында тәуелсіз сарапшылар іріктеп алған он финалист үшін онлайн дауыс беру басталады. Байқау барысында әрбір мобильді нөмірден тек бір рет және бір ғана үміткерге дауыс беруге болады.

Құрылысшылар күні (тамыз айының әр екінші жексенбісі) жеңімпаздарға елордадағы сол жағалаудағы жаңа тұрғын үй кешенінен таза әрленген, тұруға дайын бір, екі және үш бөлмелі пәтер кілттері табысталады.