Павлодар облысында жедел жағдайды талқыға салды
Көшпелі аппараттық кеңес Ақсу қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,ерекше назар өрт қауіпті кезеңнің өтуіне және «Өрт қауіпсіздігі айлығын» өткізуге аударылды.
Атқарылған жұмыстар туралы Ақсу қаласы ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Қанат Түсіпбаев баяндады. Сондай-ақ кездесуде өңірдегі кадр мәселесі де талқыланды.
Ведомствода көшпелі кеңес басшылыққа аумақтық бөлімшелердің жұмысымен жылдам танысуға, жергілікті жердегі нақты жағдайды бағалауға және туындаған мәселелерге жедел ден қоюға мүмкіндік беретінін атап өтті. Басшылықтың жеке қатысуы жағдайды тереңірек және объективті бағалауға, жергілікті проблемалар мен қажеттіліктерді анықтауға және басқарудың әртүрлі деңгейлері арасындағы өзара әрекеттесуді нығайтуға ықпал етеді.