Екібастұздықтар бірлік күнін тойлады

Екібастұздықтар бірлік күнін тойлады
Фото: logo Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Мерекелік концертте әр түрлі этномәдени ұжымдар өз халқының мәдениетін көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, 1 мамыр күні Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Өнер қалалық мәдениет сарайында «Ел бірлігі – жаңа Қазақстан» атты  мерекелік концерті өтті.

Мерекелік шараға келген қонақтарды қаламыздың этно мәдени орталықтарының ұжымы ұлттық киімдерін киіп, жылы лебізбен қарсы алды.

Ынтымағымыз бен сан алуандығымызды бейнелейтін мерекеге келген халық, әдемі кештің куәсі болып, тамаша көңіл күйде тарқасты, – дейді баспасөз орталығында.

Мерекені тойлауға жиналған халыққа  Кәсіпкерлік бөлімі мен шағын бизнес өкілдері арнайы жәрмеңке ұйымдастырып, қолданбалы қолөнер бұйымдарын ұсынды.  

Достық үйінің ұйымдастыруымен өткен думанды шарада Екібастұз қала басшысы Аян Бейсекин екібастұздықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Қадірлі жерлестер, отандастыр! Баршаңызды бірлік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бейбіт елімізде достық пен келісім мақсатымыздың бірлігі, отанымыздың жарқын болашағынаң кепілі деп білеміз. Осы тұста ынтымағымыз бен бірлігіміздің арқасында еліміздің шоқтығын бірге биіктетейік! Әрбіріңізге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! – деп Аян Бейсекин ізгі тілегін білдіріп, елімізде болған су тасқыны кезінде жағдайға бей-жай қарамай қол ұшын созып, көмек көрсеткен азаматтарға алғысын айтты.

Мерекелік концертте қаламыздағы 13 этномәдени орталықтардың ұжымы, әр ұлт өзінің ұлттық нақыштағы әндерін орындап, би билеп өнерлерін паш етті.