Салық мөлшерін төмендеткен екібастұздық компания мемлекетке қомақты соманы қайтарады

Іс сот арқылы шешімін тапты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде «Богатырь Комир» ЖШС компаниясы заңсыз түрде корпоративтік табыс салығын 15% орнына 5% мөлшерінде қолданғаны анықталды.
– Тексеру нәтижесінде кәсіпорынға 777 миллион теңге қосымша салық төлеу туралы хабарлама берілді. Департаменттің шешімімен келіспей, Серіктестік салық органының шешіміне әкімшілік сотқа шағымданды, нәтижесінде ол хабарламаның күшін жойды, – деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде.
Алайда, прокуратураның апелляциялық өтініші бойынша Павлодар облыстық соты салық есептеу туралы хабарламаны заңды деп таныды. Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.