Асайын Байханов аға буын өкілдеріне берекелі өмір, сарқылмас күш-қуат тіледі
Облыс әкімі жүрекжарды тілегін Іnstagram әлеуметтік парақшасында жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Құрметті аға буын өкілдері! Қадірлі еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, ардақты ата-әжелер! Сіздерді шын жүректен Қарттар күнімен құттықтаймын. Барлығымыз үшін бұл – құрмет, сүйіспеншілік, мейірімділік пен қамқорлыққа толы жанымызға жылы мереке. «Атасыз үй — батасыз, анасыз үй — панасыз», – деген халық даналығы бар. Сіздер адал еңбектеріңізбен өңіріміздің дамуы жолында аянбай еңбек еттіңіздер, – деді Асайын Байханов.
Аймақ басшысы аға буын өкілдеріне жас ұрпаққа берген білімдері мен тәжірибелері, ақыл-кеңестері мен төзімділік үшін ерекше алғыс білдіріп, барлық ардақты қарияларға мықты денсаулық, берекелі ұзақ өмір, сарқылмас күш-қуат тіледі.
– Жас жылдармен емес, көңіл шапағатымен өлшенеді – демекші, өмірлеріңіздің әр сәті жылулық пен бақытқа толы болсын! Өмірлеріңізде қуанышты күндер көп болғай. Мереке құтты болсын! – деп облыс әкімі ізгі тілегін жолдады.
Еске сала кетейік, 1 қазан күні зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүреді.