Ақмола мен СҚО-ға Павлодар облысынан жіберілген гуманитарлық көмек келді
Келесі жүк Қостанай облысына жөнелтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодарлық еріктілер өңір тұрғындары, кәсіпкерлер, ҚХА этномәдени бірлестіктері, депутаттар жинаған гуманитарлық көмекті Ақмола облысының Астраханка ауылы мен Атбасар қаласына, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына жеткізді. Бұл аймақтарда зардап шеккен отбасылар үшін шамамен 13 тонна азық-түлік, жеке күтім заттары, матрацтар, сусындар, тұрмыстық тауарлар және жылытқыштар келді.
Еске сала кетейік, 8 сәуірде көрші өңірлер үшін гуманитарлық көмек үш күн ішінде жиналды. Бұл мақсатта Жастар бастамаларын орталығында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинайтын облыстық пункт ашылған болатын.