Павлодарда орталық жағалаудағы оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Павлодарда орталық жағалаудағы оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккен бір бала травматология бөлімшесінде ем алуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Еске сала кетейік, 7 шілдеге қараған түні орталық жағалауда үш баласы бар әйел анасымен бірге төрт доңғалақты велосипедпен төмен түсу кезінде темір қоршауға соқтығысқан. Жазатайым оқиға салдарынан оқиға орнында өмірге сәйкес келмейтін дене жарақатын алған 69 жастағы әйел қайтыс болды. Жедел жәрдем облыстық балалар ауруханасына 2010, 2015 және 2018 жылы туған үш қыз жеткізді. Ал 39 жастағы әйел Павлодар қалалық №1 ауруханасына жатқызылған болатын. 

Бүгінде екі бала мен әйел амбулаторлық емделуге жіберілді. Ал 2010 жылы туған бала облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесінде ем алуды жалғастыруда. Ол маңдайын жарақаттап алған. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.