Санавиация Павлодарға ауыр науқасты жеткізді

Санавиация Павлодарға ауыр науқасты жеткізді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Науқасты тәжірибелі медицина қызметкерлері мен екі адамнан тұратын экипаж алып жүрді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, санавиация желісі бойынша кезекті ұшуды ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы орындады.

– Павлодар облысында ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы Екібастұз қаласынан Павлодарға санитарлық рейсті орындады. Мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж 2006 жылы туған науқас эвакуацияланды, – делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, науқас медициналық қызметкерлердің ілесіп жүруімен жеткізілді. Ұшуды екі адамнан тұратын тәжірибелі экипаж қамтамасыз етіп, науқасты облыс орталығына жедел тасымалдау міндетін орындады.