Павлодарлықтар фото-квестке шақырылады

Іс-шараға кәсіби фотограф қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 тамыз күні сағат 17:00-де Орталық жағалауда ерекше фото-квест өтеді. Бұл шара фотосурет әлеміне қызықты саяхат жасауға мүмкіндік береді.
– Қатысушыларды кәсіби фотограф, халықаралық байқаулардың лауреаты, Павлодардың бес мәрте Үздік фотографы, BLOSSOM мектебінің және Continental Studio фотостудиясының негізін қалаушысы Оксана Солеймен кездесу күтіп тұр. Бұл фото-квест шығармашылық атмосфераға толы болады. Келіп, жаңа қырыңыздан танылып, қаланың әдемі сәттерін суретке түсіруге шақырамыз! – деді ұйымдастырушылар.
Қатысу үшін келесі нөмірге хабарласып, тіркеле аласыз: +7 (747) 714-10-127.