Павлодарда ұры бейнебақылау камералары арқылы анықталды

Павлодарда ұры бейнебақылау камералары арқылы анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол бөтен көліктен ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оңтүстік полиция бөлімінің жедел қызметкерлері көшпелі саудаға арналған азық-түлік өнімдерін ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады. Қаскүнем көлік иесінің жоқтығын пайдаланып кеткен.

– Оқиға орнын қарау барысында полиция қызметкерлері заңсыз әрекет жасалған сәтті тіркеген бейнежазбаны тәркіледі. Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды. Ер адам өз кінәсін толық мойындап, ұрланған заттарды қайтарып берді, – деп хабарлады полиция ведомствосы.

Аталған ұрлық фактісі бойынша ауыр санаттағы мүліктік қылмыс ретінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.