Шідерті кентінен Ақмола облысына жол ашылды
Ақмола облысында ауа райы жақсарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасының мәліметінше, осыған байланысты 4 ақпан сағат 08.00-ден бастап Астана-Ерейментау-Шідерті республикалық маңызы бар автожолдың 200-254 шақырымында Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін автокөліктің барлық түрлері үшін жол ашылды.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодар қаласында түнде және таңертең тұман басты.