Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Тұрғындар ет, жұмыртқа, сүт, бал және көкөністерді төмен бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жәрмеңке 5 шілде күні Торговая көшесі, 2А мекенжайында, Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысында ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеге Павлодар қаласы мен Аққулы, Ертіс, Тереңкөл, Успен аудандарынан тауар өндірушілер қатысады. Тұрғындар төмендетілген бағамен сапалы өнімдерді сатып ала алады. Сиыр еті 2300 теңге, жылқы еті 2300–2500 теңге, қой еті 1900–2100 теңге, 1-категориялы жұмыртқа 380 теңге (ондық), шикі сүт 250 теңге (литр), бал 2000–2500 теңге, ал картоп 120 теңгеден ұсынылады.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласындағы «Народный» дүкені аумағында, Ақсу қаласындағы «Saryarqa» фермерлік базарында және облыстың 10 ауданында да өткізіледі.