Павлодардың бірқатар көшелерін асфальттайды
Шамамен 27 шақырым жол жөнделеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімі Хасар Хабылбеков өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, биыл қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен қала бойынша жалпы ұзындығы 26,9 шақырым болатын 14 магистральдік көшені жөндеу жоспарлануда.
Бүгінгі күні жол жөндеу жұмыстары 8 учаскеде жүргізілуде:
- Луговая көшесі, Лермонтов көшесінен Айманов көшесіне дейін;
- Айманов көшесі, Химқалашықтағы айналма жолды қоса алғанда Баян батыр көшесі және Ледовской көшесіне дейін;
- Толстой көшесі, Набережный көшесінен Қамзин көшесіне дейін;
- Торайғыров көшесі, Баян батыр көшесінен Бұқар жырау көшесіне дейін;
- Н. Назарбаев даңғылы, Естай көшесінен Ломов көшесіне дейін;
- Есеналиев көшесі, 29 Ноябрь көшесінен Ак. Сәтбаев көшесіне дейін;
- 29 Ноябрь көшесі, Есеналиев көшесінен Р. Люксембург көшесіне дейін;
- Естай көшесі, Н. Назарбаев даңғылынан Қамзин көшесіне дейін.
Сондай-ақ, биыл Қайырбаев, Кривенко, Мәшһүр Жүсіп, Абай, Циолковский және Иса Байзақов көшелерінде жұмыстар жүргізіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram