Таза Қазақстан: Павлодар мектебінің еріктілері шыршалар отырғызды
Көшеттер 8-9-сынып оқушылары арасынан бастамашыл еріктілер тобы 300 мың теңге сомасында ұтып алған грант қаражатына сатып алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында № 36 мектептің бастамашыл еріктілер тобы мектеп аумағына 10 шырша отырғызды. Білім ордасы 2024 жылдың мамыр айында қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, ағаш отырғызуға бағытталған «Жасыл мектеп» - «Зеленая школа» тақырыбы бойынша қоқыстарды сұрыптауды үйрету бойынша «Birgemiz: TazaÁlem» жалпыұлттық жобасын іске асыру үшін шағын грант беру конкурсында жеңімпаз атанды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған грант алу үшін конкурсқа 129 өтінім түскен, оның ішінде конкурсқа 112 өтінім беруші қатысты.
– Бұл байқау әлемді, туған өлкенің экологиясын жақсарту және планетаға нақты пайда әкелу үшін табиғатты қорғайтынымызды көрсетті, – дейді 9-сынып оқушысы, топ белсендісі Родион Бобров.
№ 36 мектеп директоры, бастамашыл топ жетекшісі Рифкат Мұратовтың айтуынша, мектептің еріктілері өз еркімен басқа адамдарға немесе қоршаған ортаға көмектесу үшін өз уақытын, күш-жігерлерін, дағдылары мен білімдерін арнайды.
– Олардың әрқайсысы атқаратын жұмыстың өте маңызды екенін түсінеді. Осылайша, еріктілер қызметі әлеуметтік сипатта болады, – дейді Рифкат Мұратов.
Байқауда мектеп өзінің 2023 жылы мектепте «QamqorActive» - еріктілер қозғалысы, «Жақсылық» - әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көмек көрсету бойынша түрлі акцияларға қатысу, «BizdinAsyl mura» - өз елінің, туған өлкесінің тарихын зерделеу, мәдениетті және тарихи құндылықтарды білу бағыттары бойынша басталған «Dostar» жобасын қорғады. Оқу жылында мектепте экологиялық курстар, үйірмелер жұмыс істеді, экологиялық іс-шаралар, акциялар, жобалар ұйымдастырылды.
Білім ордасы «Ұлттық еріктілер желісі» қауымдастығымен меморандумға қол қойды. «Dostar» жобасы 1600-ден астам ерікті-оқушы мен мұғалімдерді, ата-аналарды біріктіреді.