Павлодарда Ертісті тазартқан командаларға сыйлықтар беріледі
Экологиялық сайыста қатысушылар қоқыс жинап, өзенді заңсыз аулардан тазартады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, 9 қазанда «Таза су айдындары» экологиялық акциясы өтеді. Оған тұрғындар мен жастар қатыса алады.
Қатысушылар үш-бес адамнан команда құрып, Ертіс жағалауындағы тұрмыстық қоқысты жинау және тапсыру бойынша сынға түседі. Сонымен қатар өзенді заңсыз орнатылған лескалық аулардан тазарту жоспарланған.
Сайыс қорытындысында жүлделі орын алған командаларға сыйлықтар табысталады.
Акция 9 қазанда сағат 10:00-де басталады. Өтетін орны қосымша хабарланады. Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.
Тіркелу және анықтама телефоны: +7 771 341 56 72.