Павлодар өңірінде Қызыл кітапқа енген жануарлардың қауіпсіздігі тексерілді
Табиғат қорғау және құқық қорғау органдарының осы жылғы жұмыс жоспары шеңберінде рейдтік іс-шаралар жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәлімдеуінше, 1-2 наурыз аралығында мемлекеттік инспекторлар «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын инспекторларымен бірлесіп Баянауыл ауданының жергілікті полиция қызметкерінің қатысуымен көші-қон орындары мен ареалдарында табиғат қорғау заңнамасын сақтау бойынша бірлескен рейдтік қорғау іс-шараларын өткізді.
Облыстың Май және Баянауыл аудандарының аумағы Қызыл кітапқа енген тұяқты жануарлар мен ақбөкендердің мекендейтін орны болып табылады. Рейд барысында бұзушылықтар анықталған жоқ, жалпы саны 10 мыңға жуық ақбөкендердің он тобы және сегіз арқар табылды.