Павлодарлықтарға тасжолдарда қозғалыстың орташа жылдамдығын сақтауға кеңес беріледі

Павлодарлықтарға тасжолдарда қозғалыстың орташа жылдамдығын сақтауға кеңес беріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыстың орташа жылдамдығын бақылайтын автоматтандырылған кешен енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, орташа жылдамдық Астана – Павлодар (шектеулі жылдамдық 140 км/сағ), Павлодар – Семей – Қалбатау (шектеулі жылдамдық 100-110 км/сағ), Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) (шектеулі жылдамдық 100-110 км/сағ) учаскелерінде бақыланады.

Компания қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында және айыппұлдардың алдын алу үшін жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауға кеңес береді.