Жыл басынан бері Павлодар облысының жолдарында жүзден астам адам құтқарылды

Жыл басынан бері Павлодар облысының жолдарында жүзден астам адам құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірдегі үш трассалық медициналық-құтқару пункті тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бастап Апаттар медицинасы орталығы 67 жол-көлік оқиғасына шығып, 132 зардап шегушіге көмек көрсетті.

Ведомствода атап өткендей, облыста Шідерті, Қалқаман кенттерінде және Аққулы ауданында трассалық медициналық-құтқару пункттері жұмыс істейді. Бригадалар жолдардың апаттық учаскелерінде тәулік бойы кезекшілік етеді.

Кезекті сапар 10 қыркүйек күні Қызылорда – Павлодар тас жолының 1198-шақырымында болған. Жеңіл автокөлік пен жылқы соқтығысып, екі адам зардап шеккен. Шідерті кентінің ТМҚП бригадасы оқиға орнында медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккендер ауруханаға жатудан бас тартты.

Айта кетейік, ағымдағы жылы аталған ТМҚП 19 жол-көлік оқиғасына барып, 11 зардап шегушіге көмек көрсеткен.