Павлодарлық бірлестік жастарға болашақты құруға көмектесті
Аталмыш жобаға 80-нен астам тұрғын қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Достық үйінде «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы «Болашақ жеңімпаз» жобасының қорытындысын шығарды. Жобаның мақсаты – жастардың рухани дамуына, жасөспірімдерге дұрыс таңдау жасауға көмектесу, болашақта мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.
– Жобаға 16 мен 23 жас аралығындағы 83 қыз-жігіт қатысты. Олардың барлығы «Жас ұрпақ», «Жас қанат», «Жас дәурен» жастар үйінің тәрбиеленушілері болды, – дейді «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жансая Исмағұлова.
Аталмыш іс-шараға мемелекеттік органдардың өкілдері, ішкі саясат өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Айта кету керек, «Сенімен болашақ» – республикалық қоғамдық бірлестігі ешқандай мемлекеттік қаражаттың көмегінсіз, қолдауынсыз жұмыс істеп жатқан бірлестік. Бірлестікті ұйымның құрылтайшысы Нұркен Асанов қаржыландырады.