Павлодарда офицерлер көпбалалы отбасыға қолдау көрсетті

Павлодарда офицерлер көпбалалы отбасыға қолдау көрсетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әйел адам жеті баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың бірінің туғаннан мүмкіндігі шектеулі. № 45 мекеме  қызметкерлері  аталған отбасыға қолдау көрсетуді жөн көрген. 

–  Балалардың анасының айтуынша, жәрдемақы жеткіліксіз. Балалар тіпті, ойын алаңдары мен сауықтыру кешендеріне баруды да армандамайды. Мекеме қызметкері жұмысқа келе сала, осы отбасына көмектесу туралы идеясымен әріптестеріне жүгінген, – дейді департаментте. 

Мекеменің жеке құрамы отбасына Балаларды қорғау күніне орай ойын-сауық орталығына баруға сертификаттар мен тәттілер, жемістер табыстады. Олардың бұр әрекетіне риза болған көп балалы ана офицерлерге алғысын білдірді.