Павлодар облысында азаншыға қызметтік үй берілді

Павлодар облысында азаншыға қызметтік үй берілді
Фото: ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметі

Железин аудандық мешітінің азаншысы  «Ел үлесі пәтерге!» акциясы аясында баспаналы болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде қызметтік іс-сапармен жүрген ҚМДБ, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев «Қолдан қолға» қайырымдылық акциясына қатысқан.

    Қордың директоры «Ел үлесі - пәтерге!» акциясы аясында Железин аудандық мешітіне қызметтік үйдің кілтін табыстады. Бұл үй Түркістан облысы Сарыағаш ауданынан келген азаншыға беріледі. Ол еліміздің оңтүстігінен отбасымен  көшіп келген, – дейді  Железин ауданының имамы Мұрат Майтах.

 «Зекетім қабыл болсын!» іс-шарасы  аясында қалалық мешіттерде тіркеуде тұрған  мұқтаж болған  отбасыға  100 дана азық-түлік қорапшасы үлестірілді. 

 Сонымен қатар, «Ақмешіт» мешітінің ұйымдастыруымен көп балалы 10 анаға балаларына киім алатын 10 мың теңгелік сертификат табысталды. Бұл сертификаттар арқылы киімдерді «Планета одежды» дүкенінен сатып алуға болады.