Мойны кесілген: Павлодар облысында есірткімен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Мойны кесілген: Павлодар облысында есірткімен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар жарты жыл заңға қайшы әрекет жасаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақсу қаласының прокуратурасы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстық әрекеттердің жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Оперативтік мәліметтерді күнделікті талдау барысында, ағымдағы жылдың 24 сәуірінде мойын тұсынан бірнеше рет кесілген жарақаттармен шетел азаматының қалалық ауруханаға жеткізілгені анықталды.

Оқиғаның нақты мән-жайларын анықтау мақсатында прокурорлар оқиға орнына дербес барып, тексеру жүргізді.

Әңгіме кезінде оқиғаға қатысушылардың бірі күмәнді әрекет етіп, сұрақтарға сенімсіз жауап берген.

Жедел іс-шаралар барысында прокурорлар аталған әйелдің ұялы телефоны арқылы есірткі қоймаларының координаталарын, сондай-ақ оның жанында болған тыйым салынған заттарды анықтады.

Кейінгі тергеу шаралары нәтижесінде 120-дан астам орама табылып, оларда синтетикалық есірткі болуы мүмкін деген заттар, сондай-ақ оларды орау және сату үшін қолданылатын құралдар тәркіленді.

Аталған қылмыстық топтың жарты жыл бойы Павлодар облысының аумағында заңсыз әрекетпен айналысып келгені анықталды. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.