Павлодарда жүзден астам саяжай учаскесі жанып кетті

Павлодарда жүзден астам саяжай учаскесі жанып кетті

Саяжайдағы өрт үш сағаттан кейін сөндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар қаласындағы «Яблонка» бақшасында өрт шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Өрт туралы хабар сағат 15:19-да түскен. Шақыру орнына жеткенде саяжайлар мен құрғақ шөп жанып жатқаны анықталды.

- Өрт кезінде 106 саяжай учаскесін отқа оранды. Оның ішінде 35 учаске қолданыстағы саяжай. Өрттің аумағы шамамен 6 гектарды құрайды, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінде. 

Өрт сағат 18:03-те толығымен жойылды. Өрт кезінде зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың тұтану себебі анықталуда.

Оқиға орнында ТЖ департаментінен 33 қызметкер, 7 техника, Павлодар орман шаруашылығынан 7 жұмысшы, 2 техника, апаттық медициналық орталықтан 3 адам, 1 техника жұмылдырылды. Өрт шыққан орынға 3 техникамен су жеткізіліп тұрды. 

Фото: Константин Шелков