Павлодар облысының тас жолында болған жол-көлік оқиғасында төрт адам зардап шекті

Павлодар облысының тас жолында болған жол-көлік оқиғасында төрт адам зардап шекті
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екі көлік соқтығысқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.         

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 шілдеде «Қалқаман-Керней» жол бағытымен келе жатқан «TOYOTA ALPHARD» жүргізушісі қарама-қарсы жол бөлігіне шығып,  «CHERY TIGGO 2PRO» көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем бригадасы төрт жолаушыны Екібастұз қаласының орталық ауруханасына жеткізді. Көліктер айып тұрағына қойылды. Полиция ЖКО бойынша тексеріс ашты.