Қызылорда - Павлодар автожолында 15-тен астам адам көз жұмды

Қызылорда - Павлодар автожолында 15-тен астам адам көз жұмды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

24 тамыздан бастап аталған учаскеде «ZEREK-2» кешені қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері Қызылорда - Павлодар автожолында 12 жол-көлік оқиғасы  тіркеліп, 16 адам қаза тапты, 9 адам жарақат алды. Сегіз жағдайда жылдамдық режимін сақтамау салдарынан көліктер аударылып,  қоршауларға соғылған. 

– Халыққа сервистік қызмет көрсету шеңберінде бұл учаскеде көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын автоматты режимде өлшейтін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін анықтайтын «Zerek-2» аппараттық-бағдарламалық кешені қолданысқа енгізілді.  Ақмола облысының шекарасына дейінгі барлық автожол бойында үш жиынтық орнатылды. Бұл автожолда 140 км/сағ жылдамдыққа шектеу қойылған, – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. 

Тек 10 күн ішінде «ZEREK-2» жүйелерімен көлік құралдарының жүргізушілерінің жылдамдықты асыруы бойынша 1 627 фактісі тіркелді. Олар бойынша бұзушыларға жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам орындауға нұсқамалар жіберілді. Қазіргі уақытта 12 млн теңге сомасына 857 ұйғарым орындалды. 

Еске сала кетейік, 24-29 тамыз аралығында «Mitsubishi pajero sport» маркалы автокөліктің 30 жастағы жүргізушісі бес рет камераларға түсті. Жылдамдық режимін асырғаны үшін жүргізушіге автоматты режимде ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы бойынша нұсқамалар жіберілді. Жылдамдықты асырған жүргізушіге 276 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келеді.