Ұлы дала әуені: Павлодарға атыраулық оркестр гастрольмен келеді

Ұлы дала әуені: Павлодарға атыраулық оркестр гастрольмен келеді
Фото:pixabay.com

Олар танымал композиторлардың шығармаларын орындайтын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласында Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының Қаршыға Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрінің гастрольдік сапары аясында «Ұлы дала әуені» атты концерт өтеді.

– Бағдарлама репертуарында Құрманғазы, Есір, Махамбет, Ғарифолла Құрманғалиев, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Қаршыға Ахмедияров, Латиф Хамиди, Евгений Брусиловский, Мақсым Меңкешов және тағы да басқа танымал композиторлардың шығармалары қамтылады, – деп хабарлады И.Байзақов атындағы облыстық филармониясында. 

Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – мәдениет саласының үздігі Ержан Қитаров, ал  дирижер мәдениет саласының үздігі Сая Жұмашева болады.

Концерт 8 қараша күні сағат 15:00-де И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының концерттік залында өтеді.